Президент мемлекеттік сапармен Түркияға барды

885

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Реджеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды.  Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды. 

Президент Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысу жоспарланған.

Бұл туралы БОРТ№1 телеграм каналы хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<