Алкоголь өнімін өткізу заңын бұзған

628

0

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Ш.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 200-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 4-бөлігінің 1) тармақшасы бойынша бөлшек саудада алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға өткізуге тыйым салынған.

Алайда азаматша К. сағат 14:02 шамасында дүкенде сатушы болып тұрып, алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі сатып алушы өткізген.

Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 419 (жиырма мың төрт жүз он тоғыз) теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<