“Алтын адам” спорт-өнер мектебі ашылды

989

0

Бүгін балалар жылына орай Шұғыла мөлтек ауданынан 500 орындық «Алтын Адам» спорт мектебінің ашылу рәсімі өтті.

Ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов мектеп жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта болашағынан үміт күттіретін балалардың тәрбиеленуіне үлес қосатындығына сенім білдірді.

Мектепте 4-16 жас аралығындағы балалар спорттың 10 түрінен жаттыға алады (қазақ күресі, дзюдо, таэквандо, еркін күрес, каратэ, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, спорттық және ұлттық би).

Үйірмелердің барлығы ақысыз негізде жүргізілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<