Апта соңында аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы күзгі егін науқаны жұмыстарын қорытындылайтын «Алтын дән – 2021» мерекелік іс-шарасына қатысып, дала еңбеккерлеріне құрметін жеткізді. Салтанатты іс-шараға мекеме басшылары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен еңбеккерлері, бұқаралық ақпарат құралдары және ауылдық округтердегі зиялы қауым өкілдері қатысты.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2021/11/256836410_1933971266773770_5293238797545199607_n-1024x682.jpg)
Аудан басшысы өтпелі қиындықтарға қарамастан ел қамбасын астыққа толтырып, мол өнім алуда қажырлы еңбек еткен шаруа қожалықтарының басшыларына алғысын білдірді.
Іс-шарада күріш дақылынан жоғары өнім алған «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС, «Тұрмағамбет» ЖШС – ІІІ дәрежелі дипломмен, «Жаңажол» ЖШС, «Достық жер МК» ЖШС – ІІ дәрежелі дипломмен «Ақтөбе и К» ЖШС – І дәрежелі дипломмен марапатталды.Сондай-ақ, биылғы жылы мол табысқа жеткен ауылшаруашылығы озаттары мен сала қызметкерлері марапат төрінен көрінді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<