АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға вакцина егу мақұлданды

659

0

АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенский 5-11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы егу үшін америкалық Pfizer және немістің BioNTech компанияларының вакциналарын қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Axios-қа сілтеме жасап.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының тобы жүргізген модельдеуге сәйкес, 5-11 жас аралығындағы балаларды вакциналау коронавирус инфекциясының таралуын 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурызына дейін 8% төмендетеді. Топ мүшесі Сара Оливердің айтуынша, вакцинация вирустың ықтимал жаңа нұсқасының әсерін азайтуға көмектеседі. Бұған дейін АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің жанындағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасы басқармасы 5-11 жастағы оқушыларға Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын қолдануды мақұлдаған болатын. Оқу жылы басталғалы бері АҚШ-та балалар арасында коронавирусқа шалдыққандар саны тез артқаны байқалды. Ауруханаларға коронавирус жұқтырып түскен балалардың саны маусымның аяғынан тамыздың ортасына дейін алты апта ішінде бес есе өсті делінген. 5-11 жас аралығындағы балалар ересектерге арналған дозаның үштен бір бөлігін құрайтын вакциналар алады деп хабарланған. Екінші доза бірінші дозаны алған сәттен бастап үш аптадан кейін енгізіледі. Сондай-ақ, иммунитеті әлсіз балаларға үшінші доза салынбайтыны атап өтілді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, елдегі 1,9 миллион балаға коронавирус диагнозы қойылған.

https://www.inform.kz/kz/aksh-ta-5-11-zhas-aralygyndagy-balalarga-vakcina-egu-makuldandy_a3857216

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<