Арал теңізінің құрғап қалған түбіне сексеуіл отырғызу жоспарлануда

919

0

Арал теңізінің құрғап қалған бір миллион гектардан астам түбіне сексеуіл отырғызу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.

Экология министрлігінің делегациясы шөлейттенуге қарсы күрес тәжірибесін зерттеу үшін Өзбекстанға барды. Әріптестер Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызып қана қоймай, оны өсіре алған. Бұта 1,2 миллион гектар құмды аумақта тамыр жайған.

«Біз бұл тәжірибені кейбір елді мекендерде өтіп жатқан бір жолғы акциялар синергетикалық нәтиже беруі үшін елімізде қабылдағымыз келеді. Шаңды дауыл – бұл салдары. Оларды тоқтату үшін жаппай сексеуіл отырғызу қажет. Қазір министрлікте бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін бағдарлама әзірленуде. Яғни, Арал теңізінің құрғаған түбіне 1 млн га жерге сексеуіл отырғызылды. Әр түрлі егу түрлері қолданылады: аэропосев және механикаландырылған егу. Әріптестерімізбен бірге жақын арада сексеуіл отырғызуға кірісу үшін іс-қимыл жоспарын әзірлейміз. Қазіргі кезде барлық табиғат пайдаланушылар қатыса алатын акция болуы үшін мемлекеттік бюджеттен тыс қаржыландырудың басқа көздерін іздеудеміз», – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.

Яғни, табиғат пайдаланушылар, жасыл қорлар және экологиялық қозғалыстар ынтымақтастыққа шақырылады. Бірақ кейбіреулер бұл қарапайым бұтаның шығуы үшін жұмыс істеп жатқанда, басқалары оны пеш жағу немесе барбекю қуыру үшін кесуде. Қандай да бір жаза бола ма? Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде өсімдіктерді, оның ішінде сексеуілді қорғауға қатысты «Өсімдіктер әлемі туралы» заң жобасы қаралуда.

«Оны қабылдау ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аймағынан тыс өсетін өсімдіктерді қорғау жөніндегі барлық қатынастарды реттеуге ықпал ететін болады. Осы Заңмен қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының өсімдіктердің (ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер) өсуі жөніндегі жауапкершілігі, міндеттері мен құқықтары айқындалады. Біз қазір бұл бағытта заңнамалық деңгейде де, практикалық деңгейде де жұмыс істеп жатырмыз», – деп атап өтті спикер.

Kyzylorda-news.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<