«Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері іздестірілуде

859

0

25 наурыз күні сағат 02:00 шамасында отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері – 27.08.2004 жылы туған Ділда Нұғманова, 25.03.2006 жылы туған Любовь Нестерова, 24.03.2006 жылы туған Рано Сабанқұлова есімді жасөспірімдердің
белгісіз себеппен жоғалуына байланысты біріккен топ өкілдері іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Балалардың қауіпсіздігі үшін ерікті азаматтар да жұмылып, іздестіру процесіне де араласуда. Балалардың әлі табылмауына байланысты белсенді азаматтар, жанашыр еріктілер іздеу жұмысына біріктірілді. Төменде жасөспірімдердің фотолары жарияланды.

Егер де балаларға қатысты қандай да бір дерек, не ақпаратқа көз жеткізсеңіз, полиция қызметкерлерінің 102 немесе білім басқармасының 87057872596 және 87475409471 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<