Атом саласы қызметкерлері марапатталды

838

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова  Атом саласы қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесіне байланысты аймақта қызмет атқарып жүрген сала мамандарымен кездесті.  Оларға құттықтау лебізін білдіріп, үздіктерді марапаттады.

2008 жылы 28 қыркүйекте Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен «Атом өнеркәсібі қызмет­кер­лерінің күні» кәсіби мерекесі болып бекітілді. Қазақстан уран өндіру көлемі бойынша әлемдік көшбасшы болса, өндірілген уранның барлық көлемінің 20 проценттен астамы біздің өңірдің үлесіне тиеді. Бұрын уран өндіруші компаниялар күкірт қышқылын шетелден сатып алды. Қазір «СКЗ-Ю» компаниясының зауыты жыл сайын 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіруде.

– Елімізде атом саласы – экономиканың негізгі бағыт­­тарының бірі.  Ол стра­­тегиялық маңызды және табысты сала ретінде баға­ланады. Сыр өңірінде 4 уран өндіретін компания және 1 күкірт-қыш­қыл шығаратын зауыт жұмыс жасауда. Оларда 2 500-ден аса адам еңбек етеді. Аймақтың индустриясын дамытуда, уран өндіруде сіздердің үлестеріңіз зор. Кәсіби мерекелеріңізбен құт­тықтаймын, – деді облыс әкімі.

Бұдан кейін сала үздіктері марапатталды. Атап айт­қанда, «Семізбай-U» ЖШС-ның инженер-механигі Әб­ді­­ма­нап Өтеев, «РУ-6» ЖШС-ның электромонтері Влади­мир Голощапов, «Байкен-U» ЖШС-ның сле­сарь-электригі Анарбай Мыр­­затай және «Хорасан-U» ЖШС-ның операторы  Бақыт Арысбекке Құрмет грамотасы табысталды.

Кездесу соңында сала ардагері Қайратбек Жолдыбаев аймақ басшысына көрсетілген құрмет үшін ал­ғы­сын жеткізіп, әріп­тес­терін кәсіби мерекемен құттық­тады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<