Автожол сапасына кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.

487

0

2021 жылғы 30 наурыз күні «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасы аясында департаменттің ұйымдастыруымен,«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, қоғам өкілдерімен бірлесіп Қызылорда қаласында 2020-2021 жылы салынған «Талап» және «Шүкіров» көшелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

«Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жоба аясында  жыл басынан 6 көшеге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижиесінде 15 ақаулар анықталып, 4 жойылды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<