Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентін аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Аудан басшысы алдымен Жанқожа батыр мен Т.Бөріқұлақов көшелерінің қиылысындағы аудандық полиция бөліміне қарасты көне МАИ ғимаратын көрді.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Кабизов бұл ғимаратты кентте орнатылған камераларды бақылайтын орын ретінде пайдалануды көздеп отырғанын жеткізді. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тиімді пайдалануды тапсырды.Мұнан соң Жалаңтөс батыр көшесіндегі тротуар салу жұмыстарының барысымен танысты.
Құрылыс жұмыстарын «Сыр маржаны» ЖШС жүргізіп жатыр. Салынатын тротуардың ұзындығы 1,9 шақырым, ені 1,2 метр. Тротуарға құны қымбат брусчатка емес, асфальт қабаты төселеді. Бұл жөнінде Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров айтып берді.Аудан басшысы аялдаған келесі нысан – автотұрақ алаңы болды. Бұл алаң аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында. Жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілген. Жеке кәсіпкер осы жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеп жатыр. Жеке кәсіпкердің айтуынша, мұнда тұрған көліктердің саны өте аз. Бұл өз кезегінде алаңды ұстап тұру шығындарын өтемейді. Жұмысшылардың жалақысы тағы да бар. Сондықтан заңдылығына сәйкес көмек көрсетуді сұрады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әлкей Марғұлан көшесін гравий тас төсеу жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «Намыс құрылыс» ЖШС жүргізуде. Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров пен серіктестік директоры Әбдімәлік Өтеулиевке жолдарды сапалы жөндеуді тапсырды.Көшелерді аралау кезінде тұрғындар аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа өз мұң-мұқтаждықтарын жеткізді. №170 мектептің қасындағы үйдің тұрғындары күн райы бұзылғаннан көшеде жүру мүмкін болмай қалатындығын айтып, гравий тас төсеп беруге көмектесуді сұрады. Аудан басшысы бұл көшенің тұрғындарына қолдан келген көмекті аямайтындығын жеткізді. – Дәл қазір Сіздерге жолды жөндеп беремін деп уәде бере алмаймын.
Себебі қазір жылдың ортасынан асып барады. Бюджеттің қаржылары жылдың басында өз мақсатына қарай бөлініп қойған. Сондықтан қолда бар мүмкіндікке қараймыз, – деді.Бұған дейін Әйтеке би көшесінің бір беткейіне аяқ су жіберу мүмкін болмай тұрған. Ол мәселе де шешімін тапты. «Намыс құрылыс» ЖШС Әйтеке би көшесі мен Қ.Пірімов көшелерінің қиылысына лоток жүргізіп, су реттеуіш механизмдерін қойған. Мұхтар Әуесұлы аудан орталығын аралау кезінде бұл жұмыстармен де танысып, оң бағасын берді. Сол арада Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа «Тәуелсіздік монументі» жанындағы аяқ су құбырларын көру құдығының бетін жөндеуді тапсырды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерінің қиын да жауапкершілігі мол қызметтеріне сәттілік тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<