Ауғанстанда Мәскеуге бет алған үнді ұшағы апатқа ұшырады

477

0

Фото: pixabay.com

Өткен түнде Ауғанстанда қайғылы оқиға болды. Мәскеуге бет алған үнді компаниясының ұшағы Ауғанстанның солтүстік-шығысында апатқа ұшырады. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап Aamaj News агенттігі хабарлады, деп жазды euronews.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ Бадахшан провинциясында техникалық ақауға байланысты құлаған.

«Талибан» қозғалысы өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аймаққа арнайы топ жіберілген.

Росавиацияның хабарлауынша, Ауғанстанда радардан жоғалып кеткен ұшақ Athletic Group компаниясына тиесілі, оның бортында алты адам болған. Ұшақ Ташкент арқылы Мәскеуге бет алған. Росавиация Ауғанстан мен Тәжікстанның авиациялық билігімен байланыста.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<