Ауыл тарихының астары

401

0

Белгілі журналист, ҚР Ақпарат саласының үздігі Қаныбек Әбдуовтың «Ауыл атауларының ақиқаты» кітабы оқырманға жол тартты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жарыққа шыққан туындының өлкетану тақырыбында құндылығы жоғары. Айталық, жаңа кітапта  Жаңақорған ауданындағы елді мекендер атауының шығу тарихы көнекөз қариялардың естеліктері мен тарихшылардың тұжырымы арқылы баян­далған. Кітап авторы ауылдар атауындағы астарлы деректерді журналистік тұрғыда жан-жақты зерделейді.

«Бұл кітап – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай жинақталған дүние. Әрбір жаңақорғандық жеткіншек туған жерінің тарихын танып, бабалар рухын білуге тырысқаны жақсы. Өткен өмір шежіресін, өнегесін санасына сіңірген ұрпақ ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, елін сүюге ықыласты болады.

Кітапты жинақтаудағы мақсат – ұмыт қалған ұлағат пен ұлы есімдерді жаңғырту, ел мен жердің өткеніне шолу, көне көмбелерден аудан өміріне қатысты ақиқатты аршып алу. Міне, жинақтың жаңалығы осында жатыр», – дейді аудан әкімі Р.Рүстемов, кітаптың алғысөзінде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<