Орталық кеңес төрағасы А.Игбаевтың келісімімен «Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының құрылтайшыларының жалпы жиналысында Сқақов Азамат Нұрлыбекұлы Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және «Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы» заңды тұлғалар және жекеменшік кәсіпкерлер қауымдастығының Жарғасынының 30-бабын негізге ала отырып, Сқаков Азамат Нұрлыбекұлын 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап вице-президент қызметіне тағайындауды бұйырамын», – делінген Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының хабарламасында.
Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы 2009 жылы қыркүйекте «АгроОдақ Қазақстан» ауыл шаруашылық фермерлері қоғамдық бірлестігі» қауымдастығының негізінде құрылған.
ҚҰАП-ның басты мақсаты – палатаға мүшелердің мүддесі мен құқығын қорғау, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен агробизнес өкілдері арасында диалог ұйымдастыру, ауыл шаруашылық саласында ортақ стратегия құру.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<