Азаматын ардақтады

1038

1

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы ауданының құрметті азаматы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әлімжан Жарылқағановты қабылдап, 63 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Қабылдауда Мұхтар Әуесұлы мерейтой иесі қатардағы қарапайым жұмысшыдан бастап басшылыққа дейінгі барлық сатыдан өтіп, абыройлы еңбек еткенін атап өтті.

– Сізді жерлестеріңіз қаламы жүйрік журналистен бөлек, ішкі істер және Әділет министрліктерінде көп жылдар қызмет еткен тәжірибелі маман ретінде жақсы біледі және құрмет тұтады. Сіз қасиетті Қазалы жерінде де еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қостыңыз. Әр іске жауапкершілікпен қарайтын қасиетіңіздің, еңбекқорлығыңыздың арқасында биік белестерді бағындырдыңыз, – деген аудан басшысы Әлімжан Мұратбайұлының иығына қазақы дәстүрге сай шапан жауып, құрмет көрсетті.

Азаматын ардақтады

Сондай-ақ, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ардақты азаматтың жары Маржан Қайырсапақызына да камзол кигізіп, ақ орамал тарту етті.

Басқосуда аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап та жүрекжарды лебізін жеткізіп, мерейтойын иесін құттықтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<