Байқоңырдағы оқиға: екінші бала табылған жоқ

661

0

20 ақпан күні Байқоңыр қаласында сегіз жастағы екі баланың жоғалып кеткені бұған дейін хабарланды.

Екінші сынып оқушылары сол күні күндізгі сағат 10 жарым шамасында «Маяк» спорт кешенінен шыққан. Содан үйлеріне оралмаған. Ертесіне бір баланың денесі Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр понтон өткелінен 500 метр қашықтан табылды.

Ал екіншісі әлі іздестірілуде. Жалпы, іздестіру жұмыстарына 267 адам, 29 бірлік техника, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

– Екінші баланы өзеннен және қала ішінен іздеп жатырмыз. Одан бөлек, кинологиялық қызметкерлер 5 шақырым қашықтықта өзен жағалуымен іздеу жұмыстары жүргізілді. Алайда нәтиже жоқ. Іздестіру жұмыстарын жалғастыра береміз, – деді бүгінгі брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Айта кетейік, жоғалған баланы іздестіруге құтқарушылармен қатар балардың туысқандары мен волонтерлер де жұмылды.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<