Индонезияда демалыс кезінде туристті қатты ағыс алып кетіп, оны акула жеп қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік Дакотадан келген 68 жастағы Коллин Монфортенің денесін балықшылар акуланың асқазанынан тауып алды.
Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте болған. Әйел алты досымен Пулау-Реонг аралына демалуға келген. Қатты ағыс оны шайып әкеткен, ал гид оны құтқара алмады.
Құтқару тобы 3 қазанға дейін оны сегіз күн бойы іздеді.
Шығыс Тимордағы балықшы жексенбіде акуланың қарнынан адам қалдықтарын тапты. Ликиза округінің шенеуніктері әйелдің әлі де қара гидрокостюмде болғанын айтты.
«Акула ұсталды, бірақ оның ішінде бірдеңе бар сияқты болды. Мен ол пластикті немесе балық аулайтын торды жұтып қойды деп ойладым. Ішін жарып ашсам, ішінен әйелдің денесі шықты», – деді балықшы
Шығыс Тимор шенеуніктері Индонезияның жағалау күзетімен байланысқа шықты. Алор аралдары теңіз саябағы мен оның айналасындағы мұхитты басқару жөніндегі аймақтық іске асыру техникалық бөлімшесінің басшысы Мұхаммад Салех Горо Индонезияның Дилидегі елшілігімен сөйлескен. Елшілік бұл индонезиялық әйел емес екенін айтты. Сөйтсе дакоталық Монфортенің денесі екені белгілі болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<