Банкет залдарына тек ас беруге рұқсат етілді

896

0

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Басты жаңалық банкет залдарына ас беруге рұқсат берілді. Бірақ адам саны 50-ден, залдың толуы 30 пайыздан аспауы қажет. Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына белгіленген талаптарды орындаған жағдайда ғана рұқсат беріліп отыр. Яғни, топтарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге болмайды, ата-аналарды және еріп жүретін адамдардың ғимаратқа кіруіне рұқсат жоқ. Ал, жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды және 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7-сыныптар, оқушылар саны 25-ке дейінгі өзге сыныптарды аралас форматта оқытуға рұқсат берілді.

– Қазіргі таңда біздің облыс жасыл аймақта. Сол себепті жаңа қаулыда біздің аймақтағы карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр. Бірақ бірқатар шектеулер әлі де жалғасады. Атап айтқанда, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, букмекерлік кеңселердің қызметіне, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынады, – деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Тыйым салуларға қарамастан әлі де карантин талаптарын бұзушылықтар орын алуда. Жыл басынан бері мониторингтік топ 1450 нысанға тексеріс жүргізіп, 68 карантин талаптарын бұзғандығын анықтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<