Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов ауа-райының күрт өзгеріп, көп мөлшерде қар жаууына байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша арнайы жиын өткізді.
Қардан тазарту жұмыстарына толық жұмылып, инертті материалдардың себілуін қатаң қадағалау қажет. Әсіресе, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымының жанында полиция инспекторлары күшейтілген режимде жұмыс жасауы керек.
Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айының басталуына орай қала тұрғындары мал сою бекеттерінде құрбандық шалып, мешіттерде құлшылық етеді. Осы уақытта елдің қауіпсіздігі мен мал сою, ауызашар беру шаралары санитарлық талаптарға сәйкес атқарылуы тиіс, – деп шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<