6 мамыр күні Сырдария ауданының Амангелді ауылындағы Жетікөл каналына 5 сынып оқушысы суға батып кетті.
Төтенше жағдай сағат 14:00 бен 14:30 аралығында орын алған. Ауыл тұрғындарының көмегімен баланың денесі судан шығарылғанын облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Ә. Ережепова растады.
Сондай-ақ дәл осы күні қаладағы Панфилов көшесіндегі көпқабатты үйдің 3-қабатының терезесінен 2019 жылғы бала құлап кетті. Ол облыстық балалар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды, жағдайы ауыр.
«6 мамыр күні 17 сағат 53 минутта Шиелі ауданы Қодаманов ауылы Сейфуллин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде аулада орналасқан септикке екі жастағы сәби түсіп кеткен. Алайда, ата-анасы өз күштерімен шығарып алған. Аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылғанымен жағдайы ауыр», – деді Ә. Ережепова.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<