Биыл Өзбекстаннан Астана мен Түркістанға қатынайтын автобус маршруты ашылады

404

0

Фото: t.me/Mintrans_uz

Биыл Өзбекстан 10 жаңа халықаралық автобус маршрутын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстанның Көлік министрлігінен мәлім еткендей, мына бағыттар бойынша автобус қатынасын жолға қою жоспарланған:

• Бұхара – Астана;

• Самарқанд – Түркістан;

• Бұхара – Түркістан;

• Шахрисабз – Түркістан;

• Самарқанд – Бішкек;

• Бұхара – Бішкек;

• Самарқанд – Душанбе;

• Бұхара – Душанбе;

• Ташкент – Уфа;

• Ташкент – Краснодар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Өзбекстаннан Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға 37 бағыт бойынша 196 автобус қатынайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<