Байқоңырлық желтоқсаншылар марапатталды

959

0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Ырзақұлұлы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Уалиұлы желтоқсаншыларды қабылдады.

Аудан басшысы Қ.Нұртай Тәуелсіз еліміздің 30 жыл ішіндегі бағындырған биік белестері мен 1986 Желтоқсан оқиғасына қатысқан жандардың азаматтық ерлігін атап өтіп, жиналған жұртшылықты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Іс-шара барысында Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпаты табысталып, құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ, басқарма басшысы Ж.Абатов Байқоңыр қаласындағы батыр аналарға алтын алқа, күміс алқа куәліктерін тапсырып, бірқатар сала үздіктері мен жетістікке жетіп жүрген озат оқушыларды марапаттады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<