Облыстық «Жастар ресурстық орталығындағы» IT Parkте маңызды кездесу өтті. «Жаңаша оқыту – жетістік көзі» тақырыбындағы онкүндік аясында №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің оқушыларына ІТ-парк жұмысы таныстырылып, цифрландыру бағдарламасы аясындағы маңызды реформалар мен болашақ мамандықты дұрыс таңдауға септігін тигізетін ақпараттар берілді.
«Grand Master» бағдарламалау мектебінің негізін қалаушы Алмат Қуанышбаев ІТ-паркті құру талантты жастарды қолдап, олар жасаған инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, түрлі лабораториялық симулятор, 2D, 3D графикалық жобаларды әзірлеу мен өндірістегі қолданысын тестілеуге, ақпараттық-бағдарламалық өнімдер жасап шығаруға, өндіріс және салаларды автоматтандыруға және оларға қызмет көрсетуге мүмкіндік бергенін алға тартты. Бұл мол мағлұматқа толы, өз ісінінің мамандарының қажетті кеңестері қамтылған шара болды.
Айта кету керек, жақында алдағы уақытта сұранысқа ие болатын мамандықтардың рейтингі жарияланды, бұл рейтингке бағдарламашылар, web-жасаушылар, ақпараттық қауіпсіздік мамандары, мәліметтерді сараптау және өңдеудің білгірлері кіреді.
Д.ҚҰТТЫМҰРАТ,
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің
оқытушысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<