Бразилияда адам төзгісіз ыстық: термометр бағаны 52,5°C-қа көтерілді

476

0

Фото: pixabay.com

Аптақ ыстыққа байланысты Бразилияның 3000 қаласында қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Термометр бағаны бес күннен астам орташа температурадан 5°C-қа жоғары болуы мүмкін, ол адам денсаулығы үшін аса қауіпті. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Рио-де-Жанейро мен оған жақын маңдағы аудандарда рекорд орнап, термометр бағаны 52,5°C-қа дейін көтерілді.

Жұмаға дейін созылатын аптап ыстықтан жүз миллионнан астам адам зардап шегіп отыр.

Мұндай ыстыққа Эль-Ниньо табиғи феномені мен климаттың өзгеруі себеп болған.

Ұлттық метеорология институтының (Inmet) дерегінше, сейсенбі күндіз Сан-Паулу қаласында 37,3°C орташа ауа температурасы тіркелді.

Аптап ыстық салдарынан Бразилияда энергияны пайдалану рекордтық жоғары деңгейге жетті.

Өткен аптада жарияланған Inmet зерттеуі елде шілде мен қазан аралығындағы орташа ауа температурасы әдеттегіден жоғары болғанын көрсетті.

Ғалымдардың пікірінше, парниктік газ қалдықтары салдарынан климат өзгергендіктен, енді аптап ыстық қарқынды болады әрі жиі кездеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<