Бүгін бүкіл әлем елдері Кинокамераның туған күнін атап өтеді. Алғашқы кинокамераны жасау жайлы аңызға сүйенсек, оны Луи Люмиер ойлап тауып, құрастырған.
1895 жылдың 13 ақпанында ағайынды Луи мен Огюст Люмьер өнертабысқа патент алып, оны синематограф деп атады, ал осы жылдың 28 желтоқсанында олар құрылғыны қолдану тәсілін жұртшылыққа паш етті.
Луи мен Огюст Париждегі «Гран кафе» станциясына пойыздың келуі туралы алғашқы қысқаметражды фильмді ақылы негізде көрсетті. Алғашқы көрсетілім кешінде кәсіпкерлер тек 35 франк (жалдау ақысын төлеуге ғана жететін қаржы) табады, олар өз кино проекторын «Робер-Удэн» театрының директоры – иллюзионист Жорж Мельеске сатудан бас тартады. Ағайындылар әлемдік табыс пен даңққа бөленуді мақсат тұтпады, олардың басты мақсаты қаржылық әл-ауқатын жақсартып алу еді. Бірақ кинематограф тез арада танымал болып, жұрттың жақсы көретін ермегіне айналды, ал 1898 жылы Люмьердің фильмдер жиынтығы 500-ге дейін өсті.
Сондай-ақ бүгін – Дүниежүзілік радио күні. 1946 жылы 13 ақпанда әлем алғаш рет «БҰҰ радиосының» шақыру белгілерін тыңдады. 2011 жылы ЮНЕСКО «Дүниежүзілік радио күнін» құру туралы шешім қабылдады. ЮНЕСКО-ның жоспары бойынша мереке ірі хабар тарату компаниялары арасында да, жеке жұмыс істейтін әуесқой компаниялар арасында да ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.





