Дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

651

0

«Covid-19» вирусы түшкіру, жөтелу арқылы жұғып қана қоймайды. Жұқтырған адамнан тараған инфекция ауада қалықтап тұрмай жерге қонады. Ашық алаңдағы орындықтарда, ағаштарда бірнеше күн тұрақтап, жүздеген адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан адам көп шоғырланатын жерлерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отыру өте маңызды екені әмбеге аян.

  Осы орайда Қазалы ауданында да біршама жұмыстар қолға алынды. Дизенфекция жұмыстарын жүргізетін мамандар Қазалы қаласындағы көпқабатты үйлер мен аялдамаларды залалсыздандырып, індеттің таралмауына өз үлестерін қосты.

«Егер, біз карантин режимі талаптарына немқұрайлы қарамай, жауапкершілік танытсақ, отбасымыздың, туыс, достарымыз бен әріптестеріміздің, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Біз бірге күрессек қана бұрынғы өмір сүру салтымызға, жұмысқа тезірек ораламыз, туған-туыс, жақындарымызбен қауышып, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік туатынын ұмытпайық» дейді сала мамандары.

Жұмабек Табынбаев.

Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<