Қазгидромет 26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20 м/с, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Павлодар облыстарында желдің күшеюі түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде – тұман, Батыс Қазақстан облысының – кей жерлерінде, Ақтөбе облысында – күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Атырау, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с жетеді. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<