Агроөнеркәсіптік кешеніндегі цифрландыру игілігі

1338

0

Экономиканың барлық салала­рын, оның ішінде ауыл ша­руа­шы­лығын цифрландыру – ел да­муының негізгі бағыты. Ақпа­раттық технологиялар ғарыш индуст­рия­сынан бастап ден­саулық сақтау, бі­лім беру және ауыл шаруашы­лығына дейінгі түрлі сала­лардағы кәсіпорындардың биз­нес про­цесі­не әсерін тигізуде. Еңбек өнім­ділігі мен өңделген өнім эк­спор­ты­ның көлемін арттыру үшін АӨК цифрландырудың тиімді және қол­жетімді құралдарын енгізу қажет.

Ауыл шаруашылығын цифр­лан­­дыру технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы кәсіпорында­ры­­ның бизнес процестерін автомат­тан­дыру аграрлық бизнестің әсерін едәуір арттырады және ауыл шаруа­шылығы өнімдері айналымының про­­цесін өзгертеді. Осы ретте, об­лыс бойынша ауыл шаруашылығы сала­сында бірнеше жоба іске асы­рылып, жұмысын жалғастыруда. Атап айт­қанда, агроөнеркәсіптік ке­шенді цифр­ландыру мақсатында нақ­ты егін­шілік элементтерін енгізу және мал ша­руа­шылығы саласы бо­йынша «ақыл­ды фермалар» құру жұмыстары жүргізілуде.

Агроөндіріске сандық техноло­гия­ларды енгізу және оларды кеңінен тарату мақсатында облыстық ауыл ша­руашылығы басқармасының же­тек­шілігімен Ж.Жиембаев атын­дағы Қазақ өсімдік қорғау және каран­тин ғылыми-зерттеу институты, Қа­­­зақстан-Британ технологиялық уни­­­­верситетінің инжиниринг және ақ­параттық технологиялар  инсти­тутымен бірлесіп, Шиелі ауданында орналасқан «Ақмая» ШҚ базасында нақты егіншілікке арналған «Ak­maya Smart Farm» цифрлық платфор­масы жасалып, жоба іске асырылды. Жоба аясында шаруашылықтың 800 гектар егіс алқабына цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, алынған деректер өңделді. Өңделген дерек­тер негізінде алқаптың элек­трон­дық картасы және топырақ үлгі­лері бойынша агрохимиялық карто­грам­малары әзірленді.

Шаруашылықтың қолда бар бар­лық ресурстарына кешенді аудит (техника, қызметкерлер, егіс алқап­тары мен олардың пайдалану тарихы, өнімділігі, дақыл сорттары және т.б.) жүргізілді. Жоғарыда аталған барлық деректер «Akmaya Smart Farm» цифрлық платформасына жи­нақ­талды. Құрылған автономдық ме­теостанциялар топырақ, ауа, су, күн туралы деректердің толық спектрін жазып, деректерді нақты уақыт ре­жимінде жүйенің орталық серверіне жіберіп тұрады. Метеодеректер ауа райы жағдайларын ескере отырып, өндірістік процестерді түзету, кри­зистік сәттердің (құрғақшылық, зиян­кестердің жаппай көбеюі) ал­дын алу үшін қолданылады. Де­ректердің жиналуы зиянкес орга­низм­дердің пайда болуы туралы болжам жасауға және қорғаныс шараларын қолдану үшін алдын ала дайындалуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде шаруашылықтың өн­дірісі артып, тыңайтқыштарды оң­тайлы пайдалану есебінен 14 млн теңге қаржысы үнемделді.

«Ақмая» пилоттық шаруашы­лығы аймақтағы барлық фермерлер үшін демонстрация алаңына ай­налып, әр фермерге өз табысын қа­лай арт­ты­руға болатыны, кө­бірек түсім алуы, тәуекелдерді бас­қаруы, техни­камен жұмыс істеуі мәселелерін шешуге мүмкіндік бер­ді. Осы ретте, тәжірибені басқа ша­руашылықтарға тарату бойынша жұ­мыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, 17 шаруашылық құры­лымы сатып алған шетелдік ауыл ша­руашылығы техникалары базасындағы нақты егіншілік элементтерін ішінара пай­далануда.

Ішкі нарықты көкөніс дақыл­да­рымен қамтамасыз ету мақсатында былтыр Қызылорда қаласында «КазАгроМир» ЖШС көкөніс өсі­ретін жоғары технологиялы за­манауи авто­маттандырылған жылы­жай кешені құрылысын салды. Бірінші маусымда 170 тонна қияр өндіріліп, ішкі нарыққа төмен бағада өткізілді. Бүгінде екінші айналымның алғашқы өнімдері жи­­налып, күніне 2 тонна қияр өн­дірілуде. Жылыжайда өсірілетін көк­өністердің жыл бойына тем­пе­ра­турасы реттеліп, суару, тыңайт­қыштарды беру процесстері авто­матты түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар, облыста «Мағ­жан и К» ЖШС елімізде бірінші сандық күріш өңдеу зауытының құ­рылысы бойынша жобаны іске асырды.

Заманауи технологияларға сай  қондырғымен жабдықталған, көк­өніс өнімдерін жыл бойы қа­лыпты тем­пературада сақтайтын 2000 тон­налық көкөніс сақтау қойма­сының құрылысы жүргізіліп, өнімдер сақ­талуда. Ауыл шаруашылығы тех­никаларының бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру мақсатында «Автопоиск» бағдарламасы іске қо­сылып, жобалық деңгейде қызмет көрсетуде.

Бұдан бөлек, биыл облыс аума­ғында күріштің егістік алқап­та­ры­ның жай-күйін ғарыштық мо­ни­­торингтеу жобасы бойынша «Ұлт­­тық ғарыштық зерттеулер жә­не технологиялар ор­талығы» ак­цио­­нерлік қоғамымен бір­лесіп жұ­мыстар жүргізілді. Аталған жоба өз кезегінде жерді қашықтан зондтау, күріш егісі алқабының электронды карта-сұлбасын әзірлеуге жол аша­ды. Мониторингтеу арқылы күріш себу мерзімдерін және нақты егіл­ген көлемін анықтауға, егіс алқа­бындағы жылу ресурстарының жи­­налу динамикасын зерделеуге, аг­ро­метеорологиялық жағдайларды талдау негізінде күріш егісінің жай-күйін бағалауға, күріш өнімділігінің болжамды көлемін есептеуге, егіс­тіктің ластануы мен тұздануын спут­никтік бағалауға мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы саласы бо­йынша облыстағы репродуктор ша­­руа­шылықтарда жылжымалы ста­­нок-фиксатор, ауыспалы жүкте­мелік, ав­то­матты суарғыш, жылы­татын құ­рыл­ғылар, баламалы энер­гия көздері және GPS-нави­гаторлары пайдала­нылуда.

Бұдан бөлек, цифрлық техноло­гия­ларды енгізу мақсатында 30 ре­продуктор шаруашылықта 8,4 мың бас асыл тұқымды ірі қараға және 85 репродуктор шаруашылықта 104,0 мың бас асыл тұқымды қойға электронды бірдейлендіру тәсілдері пайдалануда. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің электронды саудасын жү­йелендіру және агроөнеркәсіп ке­шенінің экспорттық әлеуетін арт­тыру мақсатында «Агробиржа» элек­трондық сайты бар. Сайтта тауар өндірушілер арасында электронды сауда жасауға және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге мүмкіндік беретін Web-ресурс  құ­рылып, электронды сауда нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Онда 491 хабарландыру және 483 жаңалық орналастырылып, қолданушылар са­ны 1210 адамды құрады.

Ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы кооперациясы

және экспорт бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<