Алдағы үш күн салқын болады

922

0

16-17 маусымда ауа райы 5 -10°С-қа төмендеуі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің солтүстігінде ыстықтың бәсеңдеуін тудырған солтүстік циклон алдағы күндері еліміздің оңтүстік, содан кейін оңтүстік-шығыс өңірлеріне әсер ете бастайды. Айтарлықтай жауын-шашын күтілмегенмен, температураның 5…10°С-қа төмендеуі байқалады. 

Тек батыста, Иран аудандарынан шығатын жылы ауа массаларының ықпалынан ыстық, құрғақ ауа райы сақталады.

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<