Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкел облыста блок-бекеттер қойылмайтынын хабарлады.
Мессенджерлерде Алматы облысында блок-бекеттер қайта қойылады деген ақпарат тарап жатыр. Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы бұл сұрақты қарастырмағанын және бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеймін,- деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<