Алты Алаштың айбыны

1056

0

Кез келген астана сол елдің айбыны, мәдениеті мен өркениетінің көрінісі іспетті. Сарыарқа төсінде бой түзеген астананы Алты Алаштың бренді, рухани темірқазығы десек болатындай. Сонымен қатар, саясат, экономика, мәдениет, спорт пен руханияттың ошағы.


Толағайдай күн санап өскен алып шаһардың Қазақ­станның бас қаласына айналуы үшін Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аянбай тер төкті. Ұлт Көшбасшысының тәуелсіздік алған жылдары жаңа астана ретінде Ақмо­ла­ны таңдауы да көреген сая­сат­тың жемісі еді. Сөйтіп, Есіл­дің жағасында көз ілеспес жыл­дамдықпен сәулетті шаһар бой көтерді.


Қазір елорда жылдан жылға түрленіп, архитектурасы жағынан озық елдермен иық тірестіріп, дамып келеді. Нұр-Сұлтан қаласы жас та болса, көріктілігімен көз тартып, әлем халқының назарын өзіне аударып отыр. Әлемдік деңгейдегі маңызды шешімдер осында қабылдануда. Нәтиже­сінде Қа­зақстан бейбіт­шіліксүйгіш, әлемге достықты насихаттағыш ел ретінде танылып үлгерді.


Елбасының «Астана – жаңа Қазақстанның күш-қуаты және оның көпұлтты халқының жасампаз энергиясының көзі. Астана – азаматтарымыздың үміті мен болашаққа деген сенімінің символы» деген сөзі бар. Сол сияқты ол – шексіз мүмкіндіктер, асқақ армандар мен биік мақсаттар мекені. Үлкен қалада бәсекелестік өте жоғары. Ал бәсекелестік бар жерде ғана алға жылжуға, дамуға мүмкіндік бар.

Тұрғанбай МАХАНОВ,

ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<