Ақсайда көпқабатты үйдің қабырғасына Батырхан Шүкеновтің суреті салынды

964

0

Ақсай қаласында көпқабатты үйдің қабырғасына белгілі әнші Батырхан Шүкеновтің суреті салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаевтың айтуынша, аталмыш жеті қабатты үй Халықтар достығы көшесі бойында орналасқан.

Бұдан бұрын Жеңістің 75 жылдығына орай осы көшедегі 9 қабатты үйдің қабырғасына Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының бейнесі салынған еді.

Мұндағы мақсат – ел тарихында орын алатын белгілі тұлғаларға құрмет көрсету. Биылғы мерейтойларға орай мурал салу идеясын аудан әкімдігі көтерсе, жергілікті КИОС компаниясы қаржылай қолдау көрсетті.

Ақсайда көпқабатты үйдің қабырғасына Батырхан Шүкеновтің суреті салынды

«Екі муралды да Unicorns деп аталатын оралдық қыз бен жігіт салды. Қаланың орталық көшелерінің бойында тұрған бейнелерді Шыңғырлау ауданы мен Қарашығанақ кенішінен келетін көпірден түскенде, негізгі жолмен келетіндердің бәрі көреді. Алдағы уақытта бұл іс жалғасын тауып, бұйырса, ұлы ақынымыз Абайдың бейнесі де асқақтап тұратын болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Алпамыс Көшкінбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<