Ақсу-Жабағылы қорығында ілбіс тағы да фототұзаққа түсті

382

0

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында ілбіс тағы да фототұзаққа түсті, деп хабарланды Экология министрлігінің Телеграм каналында.

Қызыл кітаптағы жануардың қайталанбас кадрлары теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте тіркелген. Ілбіс жер бетіндегі сирек кездесетін және ұстатпайтын жыртқыштардың бірі. Жойылып кету алдында тұрған сұлу жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<