АШМ құс тұмауынан келген шығынды есептеп жатыр

823

0

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов құс тұмауына қатысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде құс тұмауы бойынша эпизотиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр. 2020 жылдың қыркүйегінде жоғары патогенді құс тұмауы әлемнің 26 елінде 459 ошақ тіркелді. Көршілес Ресейде да құс тұмауы тіркеліп, 1,5 миллионнан астам құс шығыны анықталды. Осыған байланысты биылғы тамызда Челябі, Омбы өңірлерінде шенктеулер қойылды», – деді Т. Қабдолданов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда тірі құс пен құс шаруашылығы өнімдерін аталған өңірлерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және транзитіне уақытша шектеулер енгізілді.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан жедел штаб құрылып. Күн сайын облыстың аумақтық инспекцияларының, жергілікті атқарушы органдардың облыстық ветеринария басқармаларының қатысуымен онлайн режимінде жедел штаб отырыстары өткізіледі. Еліміздің 7 облысының 78 елді мекенінде карантин енгізілді. Бұл ретте құс тұмауы расталмаған өңірлер бар», – деді ол. Т. Қабдолдановтың айтуынша, соңғы тәулік ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жеке аулаларда 22 бас құстың өлім тіркелді, ал республиканың басқа аймақтарында шығын тіркелмеді. Бұдан бөлек, құс өсіретін «Бескөл» ЖШС, «Агроинтерптица» ЖШС-да құс өлімі тоқтатылды. 2 құс фабрикасы бойынша барлығы 361 647 бас құс өтеуге жатады. «Жеке аулада 45 мың құстың шығыны болды. Жалпы, елімізде 46 миллионнан астам құс басы бар. Оның ішінде құс тұмауынан келген шығын 0,9 пайызды құрады. Қазақстан Республикасында 64 құс фабрикасы жұмыс істейді, оның ішінде жұмыртқа бағытындағы 35 кәсіпорны бар», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<