Бойтұмар

463

0

Ақмола! Астана! Нұр-Сұл­тан! Тарихтың көш-керуені ал­ға жылжыған сайын айбаты асқақтап, көркі келбеттеніп, тұғыры бекіген қала. Тәуелсіз Қазақстанның үш онжылдықтағы қол жеткен жетістіктерінің бас­тауы.  Еуразияның жүрегіндегі мың бояулы, миллиондаған тағдыр тоғысқан жауһар шаһар. Есілдің жағасына, Сарыарқаның төсіне шашылған  інжу-маржан!

Астананы Арқа төсіне көшіру идеясы іске асқан уақытты Қазақ елінің  болашақ тағдырын айқындаған тарихи кезең деп атауға болады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  әлеу­меттік-экономикалық жағдайдың әлі де оңала қоймаған тұстағы бастамасы бірден қолдау таппағаны белгілі. Бірақ Елба­сының табандылығы арқа­сында ешбір кедергіге қарамастан, Арқа төсінде шырайлы шаһар бой көтерді. Арқадағы әсем астанамызды Елбасының есімі­мен байланыстыруда терең мән бар.

Нұр-Сұлтан астана болғалы оның төрі адамзат баласын бейбітшілік пен келісімге, түсіністік пен толеранттылыққа үндейтін әлемдік шаралардың орталығына айналды. Сондықтан еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін астананы мақтаныш етеді, оны елдігіміздің, мемлекет­тігіміздің нышанындай қабыл­дайды.

Тарихқа аз-кем шолу жасасақ, бас қаланың тарихындағы айтулы күндер ел есінде мәңгі қалды. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жыл­ғы 10 маусымда өтті. Ал 2019 жылдың 23 наурызында қалаға Нұр-Сұлтан атауы берілді.

Бұл қала – халқымыз үшін Тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы – Тәуелсіздігіміздің бой­­тұмары, біртұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен се­німі­нің көрінісі, арман-тілегінің орындалғанын айғақтайтын асыл мекені.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<