«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауы ықтимал.
Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Ауа температурасы күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтерілуі болжануда, солтүстікте температураның 32-40 градустан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<