Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс – қимыл кезеңі» атты Жолдауында еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму мақсаттарын айқындап, әр сала бойынша оң өзгеріске жетелейтін жаңа бастамаларды атап өтті.
Денсаулық сақтау саласында мәселеге айналған отандық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды өз елімізде 2021 жылдан өндіріске енгізуді тапсырғаны қуантарлық жағдай. Ендігі жерде отандық медицина ғылымына көңіл бөлінсе, халқымыздың сапалы медицинаға қол жеткізу арманы орындалар еді. Аймақтарда 13 заманауи жұқпалы аурулар ауруханасының жыл соңына дейін берілетіндігі және алдағы уақытта көп салалы ауруханалар бой көтеріп, халыққа сапалы, қолжетімді көмек беретіндігі зор ықылас тудырды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің жалақысы орташа жалақы көлемінен 2 есе жоғарлайтындығы және кезең-кезеңімен көбейетіндігі жөнінде айтқаны сала қызметкерлерін бір қуантты. Сондай-ақ, Президент Жолдауындағы жағымды жаңалықтардың ең абзалы – «Аңсаған сәби» бағдарламасы. Бұл бағдарлама көптеген ел тұрғынының әке-ана атануға үмітін оятты. ЭКО жасайтын квота санының 7 есеге өсуі үкімет тарапынан жасалған нағыз қамқорлық деуге болады.
Мемлекет басшысы барлық елдімекен ФАО және отбасылық амбулаториямен қамтылуы қажеттігін айтып, әр өңірдің ілгері басуына ықпал ететін мәселелерді көтерді.
Қайрат Тәңірбергенұлы,
облыстық тері-венерология диспансерінің бас дәрігері
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<