Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы күрт нашарлады

939

0

Ақпаратты әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Sputnik Қазақстан тілшісіне растады. Оның сөзінше, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы кеше кешке күрт нашарлаған.

“Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін”, – деді Біржан Хасанғалиев.
Айтуынша, Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып, сауығып келеді.
Айта кетейік, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева 10 сәуірден бастап коронавируспен күресіп жатыр. Халық әртісінің жансақтау бөліміне түскеніне алты күн болды.

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев ауруханада коронавируспен күресуде. Редакция дереккөзінің хабарлауынша, әнші ауыр жағдайда жатыр.

Ақпаратты әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Sputnik Қазақстан тілшісіне растады. Оның сөзінше, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы кеше кешке күрт нашарлаған.

“Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін”, – деді Біржан Хасанғалиев.
Айтуынша, Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып, сауығып келеді.


Айта кетейік, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева 10 сәуірден бастап коронавируспен күресіп жатыр. Халық әртісінің жансақтау бөліміне түскеніне алты күн болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<