«Еуразия» бірінші арнасының бас директоры әріптестеріне тез сауығып кетуді тіледі, деп жазды Zakon.kz.
Біз, барлық әріптестеріміз сияқты, төтенше жағдай мен карантин кезінде жұмысымызды тоқтатқан жоқпыз. Біздің тілшілер қауіп-қатерге қарамастан әрдайым барлық оқиғалардың ортасында болып, маңызды ақпараттарды көрермендерге тез жеткізіп отырды. Біздің мыңдаған әріптесіміз «Қазмедиа орталығы» ғимаратында жұмыс істейді және біздің қызметкерлеріміздің ешқайсысы да ешкімге қауіп төндірмейтініне сенімді болу үшін біз бүкіл командамызбен, бұл дегеніміз 200 адам өз еркімізбен коронавирус бойынша тексеруден өттік, – деді Сергей Киселев.
Киселев тексеру нәтижесінде екі әріптесінде талдауы оң болып, коронавирустың асимптоматикалық түрі анықталғандығын айта кетті.
Бас директор сонымен бірге, коронавирус жұқтырушы екі науқас ауруханаға жатқызылғанын айтты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<