Карантин кезіндегі заңбұзушылықтар туралы хабар беруге болатын telegram-бот іске қосылды

866

0

Қазақстанда телеграмм-бот іске қосылды, оның көмегімен пайдаланушылар, COVID-19 бойынша Қоғамдық бақылау тобына хабарламалар жібере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы сервистің көмегімен қоғам белсенділері санитарлық нормалар мен карантиндік шаралардың бұзылуы туралы хабарламалар, медициналық мекемелердің жұмысына шағымдар және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар алатын болады.

«Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық бақылау тобы – бұл азаматтық бастама, оның мақсаты: дәрігерлердің жұмыс жағдайына мониторинг жасау және медициналық мекемелерде пациенттерді емдеу, гуманитарлық көмекті бөлуге мониторинг жасау, пандемия жағдайында әлеуметтік және медициналық көмек алуда азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау болып табылады. Қоғамдық бақылау Қазақстанның барлық облыстарында іске қосылып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауына ие болды»,-делінген хабарламада.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<