Министр ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару қадамдарын айтты

457

0

Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2016 – 2020 жылдар аралығында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өспелі қорытындымен 15,4 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, оның 5,4 млн гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта тартылып, 5,6 млн гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды. Ал 4,4 млн гектарды сот органдары арқылы алып қою жұмыстары жүргізілуде», – деді министр.

Оның айтуынша, 2019 жылы заңнамалық өзгерістер енгізілгеннен кейін, 2020 жылдың қаңтарынан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштық мониторингілеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. 2020 жылғы желтоқсандағы жай-күй бойынша аталған өңірлердегі пилоттық жоба аяқталды.

«Ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша пилоттық өңірлерде 8,3 млн га анықталды, бұл негізінен 7,6 млн га жайылым, 0,7 млн га егістік жерлер. Оның ішінде 2,2 млн гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта тартылып, 2,6 млн гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 3,5 млн гектар бойынша жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеуде. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ғарыштық мониторинг республиканың бүкіл аумағында қолданылуда», – деді С. Омаров.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<