Нұр-Сұлтанда карантин талаптары жеңілдеді

467

0

Елорданың мемлекеттік бас санитар дәрігері карантин талаптары жеңілдетілген жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова жаңа қаулыға сәйкес елордада Ashyq жүйесінің жұмысын жетілдіре түсіруді талап етті. Яғни «сары» аймақ критериіне сәйкес кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасының қызметін қайта жандандырылады. Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарға «сары» аймақ критериіне сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Ендігі уақытта елорданың барлық нысандары ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері бекіткен қаулыны ережесін қатаң сақтай отырып жұмысын жалғастырады. Еске сала кетсек, елорда 26 қазан күні «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.

https://www.inform.kz/kz/nur-sultanda-karantin-talaptary-zhenildedi_a3856950

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<