Құрметті қызылордалықтар!
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең басты ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – бұл біздің ең қастерлі де қасиетті, баға жетпес құндылығымыз!
Біз қазір тәуелсіздіктің 30 жылдығына қарай қадам басып тұрмыз. Бұл тарихи тұрғыдан алғанда аз уақыт болғанымен, дербестігімізді алған осы кезең ішінде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен ғасырға бергісіз жолды жүріп өттік.
Алтай мен Каспий арасындағы ұлан-ғайыр жерді жайлап жатқан егемен еліміз бүгінде әлем картасында нық орналасып, ынтымақ пен бірліктің бесігіне, әлемдік қоғамдастықтың белді әріптесіне, Орталық Азиядағы шешуші елге айналды.
Бұл турасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық» дегені белгілі.
Бұл күн – бабаларымыздың сан ғасырлық арман-тілегі орындалған Ұлы Күн! Шекарамыз шегенделіп, Туымыз төрге ілініп, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз елдігімізді көрсеткен Ұлық Күн!
Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол ашқанымызды атап көрсеткен болатын.
Бүгінгі күні талай тағдырлы кезеңдерді артқа тастап, жаңару жолына қадам бастадық. Тәуелсіз елімізді қарқынды дамыту, халықаралық кеңістіктегі орнын одан әрі нығайту жолындағы мақсатты идеялар мен міндеттерді нәтижелі жүзеге асырып келеміз.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, Тәуелсіздігімізді сақтау, елімізді, өңірімізді өркендету жолында аянбай еңбек етейік дегім келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға ырыс-несібе, амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!
Құрметпен,
облыс әкімі
Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<