Президент ұшақ апатының себептерін анықтауды тапсырды

555

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында болған ұшақ апатының себептерін анықтауды тапсырды.

«Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек»,– деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік 17:20-да «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшыраған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<