«Олар теңізді көрмейді…»
Арал теңізін көрмеген және көрмейтін буынның болашағы қандай болмақ? Тұз, сор мен құм ұшқан Аралдың белгісі – мына қайраңда қалған алып кеме ғана. Аралды ұмытпайықшы, қателікті қайталамайықшы… Фото Арал қаласындағы бұрынғы порт орнында түсірілген.
«Шалғайдағы тіршілік…»
Қазақстан мен Өзбекстанның шегарасындағы, Қазақстанға қарасты Шобанқазған аулының тұрғыны бейнеленген. Бұл ауыл екі ел арасындағы шегараға делимитация және демаркация жүргізілгенде Қазақстан тарапын таңдаған. Елдімекен тұрғындарын Қызылорда облысы Қармақшы ауданына көшірген, алайда кей тұрғындар шалғайдағы Шобанқазғанда әлі тұрады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<