Қатты отын қазған ерлерді айт

1293

0

Қазақстандағы кәсіби мерекелер қатарында тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін «Шахтер күні» де бар. Сонау 1947 жылы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы өкімімен қабылданып, ең алғаш рет 1948 жылы 29 тамызда мерекеленген.

Қазір бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы алты мемлекетте осы кәсіби ме­реке аталып өтеді. Тәуел­сіз Қазақстанда оның қайта бекі­тілген уақыты – 2003 жыл. Көмір өнеркәсібі жұ­мыс­шыларының кәсіби ме­рекесінің еліміз үшін ай­рықша  маңызы бар.

Біріншіден, біздің елі­мізде әлем­дік көмір қо­рының 4%-і шоғырлан­ған. Екіншіден, жан басына шақ­қанда өндірілетін көлем бо­йынша ТМД елдері ара­сында үшінші орында­мыз. Сонымен қатар, көмір елі­міз­де өндіріліп жатқан электр энер­гиясының 80%-ін қамтамасыз ету­­ге тіке­лей үлесін қосып отыр. Қа­­зақстандық шахтерлар жыл сайын 90 млн қатты отын өндіруде. Қазақ кө­мірі әлемдік экспорттың 3 про­­центін құрайды. Ол – тек мақтануға тұрарлық стра­тегиялық қорымыз ғана емес, сондай-ақ электр қуаты көзі, бюджетке төленетін әжептәуір көлемдегі  төлем және жұмыс орын­дарын қам­тамасыз етіп отырған бай­­лығымыз.

Қазақстанда 100-ден ас­там кен орны ашылса, олар­­дың ішінде 40 кен оша­ғы зерт­телген. Негізгі бөлігі Орта­лық Қазақстанда шоғырланса, Екібастұз, Шұ­баркөл, Қарағанды, Майкүбі көмір алаптары өндірістік тұрғыдан игерілген. Гео­ло­гиялық қор 150-160 млрд тонна шамасында баға­ла­нады. Ғалымдардың ай­ту­ын­ша, ашық әдіспен өн­діргенде, Қазақстандағы қор 200 жылға жетеді.

Тарихқа жүгінсек, адам­дар кө­мірді Х ғасырда өн­ді­ре бастаған. Ал ХVIII ға­сырдан бастап, кәсіп тү­ріне айналған. «Шахтер» де­ген атаудың өзі немістің  sсhacht (‘шахта’) сөзі­нен алынған. Қазақстанда ХІХ ға­сырдың ортасында Қа­ра­ғанды бас­сейнін иге­ру басталды. Біздің ел аума­ғындағы көмір өндірісі қор­дың ауқымдылығымен және ашық түрде өндіру мүм­кіндігімен ерекше­ленеді.

Шахтер мамандығы пай­да болған кезеңнен күні бүгінге дейін қауіпті және экстремальді мамандық­тар­дың бірінен саналады. Қа­зіргі кезде олардың ден­саулығы мен өмірін қауіптен қорғайтын көптеген при­борлар болса да ауыр ма­мандық кү­йінде қалып отыр.

Бұл мамандық иелері ту­ралы кітаптар жазылып, фильмдер түсіріл­ген, әндер бар. Қарағанды мен Екі­бастұзда «Шахтер» деп ата­латын спорт кешендері жұмыс істейді. Осындай атау берілген футбол ко­ман­дасын барлығы біледі. Сол секілді мұндай атаумен аталған Украинада 10, Бе­ларуссияда 1, Чехияда 1 жә­не Ресейде 9 футбол клубы бар.

Осындай қызық та бай тарихы бар, халыққа жылу сыйлайтын, ел қазынасын толтыруға үлесін қосып жатқан қазақстандық көмір өнді­рушілерді Шахтер күні мерекесімен құттықтаймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<