«Қонаққа барма әрі шақырма, маска тақ»

1153

0

Халық жүріс-тұрыстың жаңа ережелерін ұстануға көшуі тиіс. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сырқаттанып қалмау, жақындарымызға жұқтырып алмау, ұжымымыз бен отбасымызға вирус алып келмеуіміз үшін барлығын жасауымыз керек. Халық жүріс-тұрыстың жаңа ережелеріне – қол гигиенасы стандартына, респираторлық әдепке және арақашықтықты ұстануға көшуі тиіс», – деді бүгін еліміздің бас санитарлық дәрігері Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сонымен қатар ол адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, өз отбасыңның мүшелерімен ғана қарым-қатынас жасауға, қонаққа бармауға және қонақ шақырмауға, жеке әрі респираторлық гигиенаны, қоғамдық орында әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, кез келген қарым-қатынас кезінде медициналық маска тағуға, антисептиктер пайдалануға кеңес берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<