Алматыда коронавирус инфекциясының таралуы салдарынан 15 маусымға дейін «Рахат» кондитер фабрикасының жұмысы тоқтатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фабрикада ауру белгілері жоқ таратушылар анықталған.
«Коронавирус инфекциясын ауру белгілері жоқ таратушылардың анықталуына байланысты «Рахат» кондитер фабрикасының жұмысы тоқтағанын хабарлаймыз. Алғашында 8 адам анықталып, олардан тепловизор арқылы жоғары температураның анықталуына байланысты жұмысқа жіберілмеді.
Сонымен бірге 1450 қызметкерге тест жүргізілген. Осыған байланысты ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптарға сәйкес, қызметкерлер үйдегі карантинге жіберілді. Фабрика әкімшілігі өздерінің шешімімен жұмысты 15 маусымға дейін тоқтатқан. ТҚСҚБД аудандық басқармаларына эпидемияға қарсы шаралар толығымен аяқталғанша фабрика жұмысын тоқтату туралы қаулы берілді», – деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<