Мен елімнің жас ұрпағы бүгінгі,
Тарихым деп сезінер әр күнімді.
Тәуелсіз ел бесігінде бақ тербеп,
Алып келем талмай іздеп білімді.
Қыран құсы мәңгі көкте қалықтар,
Өн бойында ұлтжандылық қалып бар.
Көк бөрінің ұрпағы боп жалғасқан,
Жер бетінде қазақ деген халық бар.
Мен білемін Тәуелсіздік бағасын,
Бостандықта қиял қанат қағасың,
Тауларым мен бауларымда бейбіт күн,
Аралаймын өзен-көлім жағасын.
Білім болса биікке біз самғаймыз,
Өркендеген елден сонда қалмаймыз.
Тәуелсіз ел тұғырына ие боп,
Ата-баба арман жолын жалғаймыз.
Көкейдегі жүрекжарды тілек бұл,
Тұтастықты барша халқым тілеп тұр.
Бірлік туы ешқашанда жығылмай,
Өсе берсін әдепті қыз, жүректі ұл.
Болашағы, ертеңіне сенді де,
Достық күшін нығайтуда ел, міне.
Күн шуақты алтын зерлі Отанда,
Тәуелсіздік туы,мәңгі желбіре!
Айша Төлегенқызы,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 3-курс студенті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<