Тұрақтылығымыздың алтын қазығы

1023

0

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының кепілі болып саналатын Ата Заңның қабылдануы Қазақстан тәуелсіздігінің басты символына айналды. Жуырда қазақстандықтардың жаппай таңдауымен 1995 жылы қайта қабылданған Ата Заңмен өмір сүріп жатқанымызға ширек ғасыр толады.

Негiзгi Заңымыз Тәуелсiздiктiң, елдегi тұрақтылықтың алтын қазығына, елдiгiмiздiң дәйекті бағдарына, келешектiң кепiлiне айналғанын көрсетiп келедi. Ең бастысы, Конституция – ел Тәуелсiздiгiн айғақтайтын құжат. Сол үшiн де Конституция күнi – елдiгiмiз үшiн қастерлi күн.


1993 және 1995 жылдарғы Конституция Тәуелсiздiктiң ал­­ғашқы кезеңiндегi конcтиту­циялық заңдардан бастау ала­ды. 1990 жылы 24 сәуiрде Қа­зақстанда президенттiк бас­қару формасы туралы заң қа­былданды. Осы заң бiртұтас мемлекеттiк билiктi атқарушы, заң шығарушы және сот билiгi деп үш тармаққа бөлдi. Бұдан кейiн елімізде 1990 жылғы 25 қазанда Егемендiк туралы дек­ларация жарияланды. Алайда, Егемендiк туралы декларация заң емес едi. Дегенмен, ол болашақта қандай бағыт ұстанатынымызды айғақтады. Бұл бiздiң тәуелсiз мем­лекет ретiнде өзiнiң Елтаңбасы, Әнұраны, Ту болуы қажеттiгiн айқындап берген еді.
Уақыт Қазақстанның тәуел­сіздікке бағытталған саяси қа­дамын жеделдете түсті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәу­ел­сiз­дiк туралы қабылдаған за­ңы­мыз бүкiл әлемге жария етiл­дi. Бұл шын мәнiндегi елi­мiздiң 500 жылдан соңғы қол жеткiзiп отырған тұңғыш Тәу­елсiздiк заңы болатын. Сол күні ­бау­ырлас Түркия елi бiздiң ­Тәу­елсiздiгiмiздi алғашқы болып таныды. Бұл – бүкiл дипломатия тарихындағы тең­десі жоқ оқиға.


Қабылданған заңдардың барлығы 1993 жылғы Консти­ту­цияның негiзiн қалады. Со­нымен Тәуелсiздiк кезеңiнде екi Ата Заң – 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған ал­ғаш­қы Ата Заң және 1995 жылы 30 тамызда бүкiлха­лықтық дауыс беру негi­зiн­де екiншi Конституция қабыл­данды.


Бұл Конституция бүгінге дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрт не­гiз­гi ұстанымына сәйкес қыз­мет атқарып келедi. Олар – қоғамдық келiсiм мен саяси тұ­рақтылық, экономикалық даму, қазақстандық патриотизм және барлық маңызды мәселелердi референдум арқылы шешу. Қазақстан өз тәуелсіздігін 30 жылға жуық уақытында бұл бағытта толайым табыстарға жеткенін атап өткіміз келеді.
Әлбетте, өтпелi кезеңде бiз­ге құзыретi мол күштi пре­зи­денттiк билiк керек болды. Бұл уақыт талабы еді. Сындарлы кезең сол уақыттағы Елбасы ұстанған саясаттың барынша маңызды болғанын дәлелдеп берді.


1995 жылғы Конституцияда осы жайттардың бәрi ескерiлдi. Ал Ата Заңға бұрынғы Конс­титуцияның талапқа сай нор­малары енгiзiліп, Прези­денттiң өкiлеттiгi ұлғайтылды. Мiне, сол 1995 жылғы Конституциямызға биыл 25 жыл толып отыр.


Ата Заңға өмiрдiң ағымына сай бiрнеше мәрте өзгерiс те енгiзiлдi. Уақыт өз орнында тұрмайды. Сондықтан оның ағымына қарай дүние байламы да өзгерiп отырады. Бұл – әлем­дiк тәжiрибе. Бiрақ дамудың тарихи кезеңіне жауап беретiн оның тұжырымдамалары мен конституциялық қағидаларына және нормаларына нұқсан кел­меуi керек. Басты мақсат осы болды. Осылардың бар­лығы уақыт кезеңіне қарай дә­йектілікпен жүзеге асырылып келеді.
1995 жылғы Конституция жаңа Қазақстанның бет-бей­несiн – адамның және аза­мат­тың құқықтары мен бос­­тандықтарын, оның демо­к­ра­тиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет екен­дiгiн, билiктiң бөлiнуi және парламентаризм секiлдi негiзгi саяси құндылықтардың заң жүзiндегi жиынтық көрiнiсiн айқындайтын құжатқа айналды. Бұл мемлекет дамуының жаңа кезеңінің бағыттарын айқындап берді. Тарихтың жарқын бiр парағы ашылды. Осы кезеңнiң маныздылығы – алғаш рет адам және оның құқықтары мен бостандықтары саяси жүйе­нiң өзегiне, демократия және нарықтық экономика аза­мат­тардың құқықтары мен бос­тандықтарын қорғаудың ма­ңыз­ды шартына айналды.


Қазақстан бүгінде бүкіл әлемдегі сияқты күрделі кезеңді бастан өткізуде. Жуырда Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағ­дай күрделене түскеніне, тіп­ті кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жат­қанына алаңдаушылық білдірді.


Қиын уақытта Мемлекет басшысы жағдайды бүркеме­лемей, шындықты жайып салды. Елдігімізге сын бола­тын бұл күрделі кезеңнен абыроймен шығу бүкіл қазақстан­дық­тардың төл міндеті екенін атап көр­сетті. Бұл нақты жағ­дайға қатысты шараларды дәйектілікпен қабылдауға негіз қалайды.


Иә, Қазақстан күрделі жағдайды бастан кешуде. Эко­номика қарқыны бүкіл әлем елдеріндегі сияқты біршама тө­мендеді. Осыған орай Мем­лекет басшысы жуырда дағ­дарыстан шығудың таяу жыл­дарға белгіленген мақсат ме­желері қабылданатынын, бұл Қазақстан халқының тұрмыс ауыртпалығын жеңілдетуге ық­­пал жасайтынын атап көр­сетті. Жаңа жоспарлар қабыл­дау, әрине, оңайға түспейді. 2021 жылы бюджет шығыны салыстырмалы түрде 1,6 трлн теңгеге қысқарады деп кү­ті­луде. Әлем елдерінің бір­қа­тар сарапшылары атап көр­­сет­кендей, көптеген мем­ле­кетте экономиканың пан­демияға дейінгі кезеңге келуі 1,5-2 жылға созылуы ықтимал. Алдағы уақыт күрделі сипатын жоғалта қоймайды. Бірақ бұл қиындықтың уақытша еке­нін сезініп, алдағы күндерге барынша батыл қадамдарды осы бастан бастауымыз керек. Халқымыз басқа түскен қиын­дықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, бола­шақ­қа ­дег­ен ұмтылысы арқылы ла­йық­ты түрде еңсереті­ніне се­німдіміз. Бұған мемлеке­ті­міздің басты құжаты – Ата Заңымызда жа­зылған қағидалар кепіл бола алады.


Жолдасбек АҚСАҚАЛОВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<