Осыдан бірнеше күн бұрын Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Көкшетау қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалисттік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтің еңселі ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі болды.
Тарихи тұлғаға арналған нысан құрылысына қызылордалықтар да ерекше үлес қосты. Сырбойылық азаматтардың демеушілігімен ескерткіштің бой көтеруіне 8 млн теңге қаражат жиналған. Танымал тұлға тұғырын орнатуға атсалысқан жергілікті азаматарды «Еркін Әуелбеков» қоры облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат «Еркін Әуелбеков» медалімен марапаттады.
Қоғам қайраткері Еркін Әуелбеков Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстарында басшылық лауазымда болып, аталған аймақтардың экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында еңбек еткен. Бірнеше мәрте ауыл шаруашылығы министрі ретінде аграрлы саланың өрістеуіне елеулі үлес қосқан.
Елдің дамуы жолында аянбай тер төккен тұлғаны ардақтау мақсатында өткен жылы Еркін Әуелбековтің Қызылорда облысында 90 жылдығы кең көлемде аталып өтті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<